American Appraisal – бұл бағалау саласындағы халықаралық тәжірибе мен нақты нарықтағы практикалық білімнің үйлесімі. Біз күн сайын әлемнің барлық аса ірі қаржы орталықтарында Клиенттерімізге құн жөнінде нақты, шынайы және жеткілікті деректер береміз, сондай-ақ құнды анықтауға қатысты қызметтер көрсетеміз. Біз тек қана бағалау бизнесімен айналысамыз.
Біздің компаниямыз тәуелсіз. Компанияның географиялық қатысуына бағалау компанияларының арасында ешкім тең келе алмайды. Материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және коммерциялық жылжымайтын мүлікті бағалауда біздің кеңесшілеріміз орасан зор тәжірибеге ие. Компанияның иегерлері өз кәсіптеріне жан-тәнімен берілген онда жұмыс істейтін қызметкерлер болып табылады, олардың қызметі өз Клиенттеріне көмек көрсетуге бағытталған.